Зырян ауданы
әкімінің ресми сайты

 

Жаңалықтар Виртуалды қабылдау бөлімі Форум Фотографии На главную  

/ Каз

/ Рус /   Стартовой В избранное Вебмастеру

 

ҚР Президентінің сайты

ҚР үкiметi сайты

ШҚО әкімінің ресми сайты

Электронды қызмет орталығы

 

02.09.2009

«Жол картасы» бойынша қоныс той

Қазақстан Республикасының он төрт жылдығын мерекелеу күндерінде

Зырян ауданының он бір елді мекендеріндегі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілген он жеті кітапхана мен клубтар өз құшағын айқара ашты.

Орындалған жұмыстың және қаржыландыру көлемі бойынша «Жол картасында» аса маңызды объектілердің бірі Первороссийское ауылының Мәдениет үйі болып табылды. Тоқтатылғанына он екі жыл болған Мәдениет үйін «Маржан» ЖШС (атқарушы директор М.К. Рахимжанов) қайтадан жаңартып, іске қосты. Үш ай бұрын: көп жыл бойы әр түрлі түстегі көк басқан ғимаратқа не істеуге болады? Бүлінген шатырды не істеу керек? Мүлдем шіріген есіктер мен терезелердің жақтаулары ше? Жүргізілмеген су, жылу жіберу, жарық беру жүйесін қалай іске қосу керек? - деп қараған көптеген әр нәрсеге шүбәрләніп қараушылар иығын қозғаған еді.

Республикалық трансферттің және жергілікті бюджеттің сауатты және дұрыс жұмсалуы, мердігердің сметалық шығындардан басқа фойеге пластикалық терезе және аспалы төбені жапсыру, кіреберіс жолға тротуарлық тақталар қалау түріндегі демеушілік көмегі, сондай-ақ құрылыс фирмасының және жергілікті тұрғындардың ішінен таңдап алынған мамандардың арқасында объектінің салтанатты ашылуы бағдарламада бекітілген мерзімнен бір ай бұрын хабарланды.

Таңертең ерте тапсырыс беруші мен мердігерлердің өкілдері Мәдениет үйінің әр бұрышын мұқият қарап, дыбыс күшейткіш аппаратураның жұмысын тексеріп, көрермендер залын ауыл мектебінің орындықтарымен толтырды. Сағат он бірге таман Мәдениет үйіне қонақтар толы машиналар ағылып келе бастады.

Міне салтанатты кеш те басталды. Тұсаукесер рәсімін орындау Зырян ауданының әкімі Р.Р. Мусинге және совет одағы кезінде осы мәдениет үйін салған, «Первороссийский» совхозының бұрынғы директоры, Социалистік Еңбек Ері П.Т.Полянскийге ұсынылды. Бұдан кейін аз уақытқа созылған, алайда көтеріңкі көңіл күймен, қуанышпен кітапханаға және келешекте ауыл мұражайы болатын кабинетке, дискозалға, үйірме жұмыстарының бөлмелеріне, спорттық жаттығу кабинеттеріне экскурсия жасалды. Экскурсия 250 орынға арналған көрермендер залымен аяқталды. Осы залда екі сағат бойы аудан және ауылдық округ басшыларының құттықтаулары айтылып, осы ауылдың шығармашылық ұжымының, сондай-ақ Никольск ауылынан, Жаңа Бұқтырма кентінен, Зырян қаласынан келген қонақтардың өнерлері көрсетілді. Облыстық мәдениет басқармасы (М.Ш. Тойкенов) сыйлаған санды бейнекамера; аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Бос уақыт» КМҚК (Р.А. Шульмина, А.В. Аксенова) берген DVD және сахна безендіргіші, округтегі шаруа қожалығы (А.П. Полянский, К.А. Байкубинов) сыйлаған дыбыс күшейткіш аппаратура, «Плюс» ЖШС (С.И. Смирнов) жиһаз алуға сыйлаған 150 мың теңге өте қажет және жағымды сыйлық болып табылды. Алайда тұрғындар үшін ең басты сыйлық Мәдениет үйінің іске қосылуы. Ауылда мектеп пен клуб болған жағдайда ауыл тіршілігін жалғастыра бермек, бұған сіздер келісесіздер деп ойлаймын.

Первороссийское ауылы өсіп өркендей бер! Сенің әрбір тұрғының ауылдың мәдениет ошағында өз қалауы және мүддесі бойынша істі табуына тілектеспін!

 

Р. Шульмина, Зырян ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы

басына

 

 

 

Copyright © 2007