|
|
|
13.08.2009 Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың қосымша шарасы
Зырян ауданында «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 14 млн. 228 мың теңге көлемінде ақша қаражаты бөлінген. Оқу орындарының 88 түлегі практикалық тәжірибе, білім, дағды алу үшін «Жастар тәжірибесіне» жіберілді. Ауданның 13 кәсіпорынымен уақытша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру үшін келісім шартқа қол қойылған. «Жол картасы» бойынша жұмыс көлемін орындайтын кәсіпорындар өзгеше ілтипатқа бөленді. Жыл басынан бері осы бағдарлама бойынша 145 адам жіберілген. Осы бағдарлама бойынша барлығы 233 адам жіберілген, ол жұмыссыздық дәрежесін ары қарай төмендетеді.
|
|||
|
|
|
|
| Copyright © 2007 |