• Басқы бет
  • A
  • A
  • Шрифт көлемі
  • A
  • A
  • A
Дағдылы нұсқа
Зырян ауданының әкімі
ресми сайт
Билік

Малеевка селолық округі

Малеевка селолық округі 1997 жылы мамыр айында құрылған. Округ құрамына Малеевка, Путинцево, Быково, Богатырево, Ново-Калиновск ауылдары кіреді. Тұрғылықты халықтың жалпы саны 4 мың адам. Округте Леснопристань орта мектебі, Путинцево орта мектебі, Быков орталау мектебі, Малеевка отбасылық дәрігерлік амбулаториясы, үш фельдшерлік пункт, «Зырян орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» ММ, «Востоклеспром» ЖШС, «Муса» ЖШС, «Лесовичёк» ЖШС, «СмиК» ЖШС, «Марал-сервис» ЖШС, «Алау», «Пант», шаруа қожалықтары, 26 дүкен, үш дәріхана киоскесі, бір наубайхана жұмыс істейді.

«Малеевка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері Малеевка селосы, Малеевка көшесі, 2 үй.

Округтегі әкім аппаратында төрт әкімшілік мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Әлеуметтік қызмет үш жұмыскерден тұрады,екеуі жалғызбасты қарт азаматтарға қызмет көрсетеді, біреуі мүмкіншілігі шектелген балалармен үйлерінде жұмыс істейді.

Малеевка селолық округінің әкімі - Наталья Владимировна Зайцева.

Наталья Владимировна Зайцева 1963 жылы туған, білімі орташа мамандықтағы. Лениногордың орман техникумының орманды кесу-өңдеу өндірісінің технологы мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1983 жылы Петропавлдың ТБЗ заводында бастады. 1985 жылдан 1986 жылға дейін Зырян атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді. 1986 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың мамырына дейін Малеевка кенттік Кеңесі атқару комитетінде хатшы болып жұмыс істеді. 1997 жылдың мамырынан – Малеевка селолық округі әкімінің орынбасарлығына ауыстырылған. 2003 жылдың 17 қарашасында - Малеевка селолық округінің әкімі болып тағайындалған. Тұрмыста,екі бала тәрбиелеуде. Жұмыстан бос уақытта үй шаруашылығымен,көркем әдебиетті оқумен айналысады.

Селолық округ әкімі заңға сәйкес: азаматтардың өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың бостандықтарын, құқықтарын қорғауға шара қолданады, бюджетке салық жинауға атсалысады, өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттейді, мемлекеттік кұрылыс қорын сақтауды қамтамасыз етеді және де селолық округтағы автокөлік жолдарын салуға, өңдеуге, жөндеуге және ұстауға, шаруа (фермерлік) шаруашылықтарды ұйымдастыруға іс - әрекет жасайды, кәсіпкерлік жұмыстарды көркейтуге, өз құзыреті шегінде барлық әскери міндеттер және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, мобилизацияға дайындау және мобилизациялау, нотариялдық іс-әрекеттерді жасауды ұйымдастырады, азаматтық реттегі актілерді есепке алу, мүмкіншіліктері аз адамдарды анықтайды,еңбекпен қамту жөнінде жоғарғы органдарға ұсыныстар жасайды, әкімшілік мекен жайлық көмек көрсету, жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйлерінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірігіп жұмыс атқарады, өндірістік кітаптарға статистикалық есеп жүргізеді, өз құзыреті шегінде тұрғылықты жерлерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және суды пайдалануды реттейді, жергілікті жерлердегі абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады, жетімдерді жерлеуді және зираттарды жағымды жағдайда ұстаудағы көпшілік жұмыстарын және басқа да көмілетін жерлерді ұйымдастырады, оқушылардың тегін мектепке барып қайтуын ұйымдастырады, өз алдына қойылған функциялардың орындалуына өзінен жоғарғы әкім алдында жауапты болады, селолық округ әкімі басқада сұрақтардың шешімімен айналысуы мүмкін.

Азаматтарды қабылдау күндері: дүйсенбі 09.00 сағаттан 12.00 сағатқа дейін,13.00 сағаттан 16.00 сағатқа дейін
Телефон:
2-47-86

Бас маманға мынандай міндеттер жүктеледі: мемлекеттің кадр саясатын жүзеге асыруын қамтамасыздандыру,тәртіптік,конкурстық,аттестациялау округ әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметіндегі өтілін анықтау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру,әкім аппаратында іс жүргізу туралы Нұсқау бойынша жалпы іс жүргізуді бір қалыпқа келтіруді қамтамасыздандыру,құжаттардың қозғалысын және орындалуын бақылау,есепке алу,аудан әкімшілігінің жарлығының шешімінің орындалуын бақылау, округ әкімінің өкімінің,шешімінің нұсқасын дайындау,өңдіріс жұмыстарын жүргізу,жеке және заңды тұлғалардың жазбаша немесе басқада өтініштерінің орындалуын бақылау, әкім аппаратының жұмыстарын ұйымдастыру, нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізу, шаруашылық кітаптарын жүргізу, есеп беруге дайындалу және басқа жұмыстар.

Қабылдау күндері: дүйсенбі,сейсенбі 08 сағаттан 12 сағатқа дейін, 13.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін
Телефон:
2-47-86

Бас маман мынандай міндеттер жүктеледі: есепші есебін жүргізу және есеп тапсыру жұмыстарын жүргізу, қаржы тәртібін сақтау,админстратор бағдарламасының шығыс сметасын орындау,есепшілік теңдікті және есеп айыруды құру,»Бас журнал» кітабына барлық мемориалдық ордерларды тіркеу,банктық құжаттарды және сметтарды міндетті түрдегі қаражаттарды және шаруашылық шарттарды орындау,тауарлық-материалдық құндылықтардың қағаздарын тексеру,төлемдердің міндеттілердің есептеріні жоспарын құру,жоспарлардың орындалуын бақылау,құжаттарды ойластыру териалдық емес актілерді,материалды қосымшалардыесепке алу,кассалық операциаларды,еңбекті төлеуді есепке алу,статистикалық есепті құру,барлық тапсырмалардың орындалуын,есептеуді және мемориальдық ордендарды,кассалық операциаларды жүргізу,салық басқармасына есеп беруді құру, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру.

Қабылдау күндері: дүйсенбі,сейсенбі 08.00 сағаттан 12.00 сағатқа дейін,13.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін
Телефон:
2-48-80

Бас маман мынандай міндеттер жүктеледі: тұрғылықты халықты адамдар мен малдарға ортақ ауырулардан сақтандыру; малдарды ауырудан қорғаумен қамтамасыз ету және емдеу;ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыздандыру; округ территориясын жұқпалы және экзотикалық ауырудан немесе басқа мемлекеттенбұл ауырулардың өтіп кету қауіпінен сақтандыру; ветеринарлық саламен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаны ластауын жою жәнеалдын алу.

Қабылдау күндері: дүйсенбі,сейсенбі 08.00 сағаттан 12.00 сағатқа дейін,13.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін
Телефон:
2-48-80

Жетекші маманға мына міндеттер жүктеледі: салық төлеушілерді- жеке тұлғаларды есепке алу, салықты жинау,әскери міндеттілермен шақырушылардың есебін жүргізу, сайлау округі бойынша электрондық деректер базасын түзету және қалыптастыру,есепті дайындау және тапсыру.

Қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі 08.00 сағаттан 12.00 сағатқа дейін,13.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін
Телефон:
2-48-80